Профессор атағы берілді

Кезінде Ж.Кенжалиннің қаламынан туған Кенесары-Наурызбай басқарған ұлт-азаттық қозғалысының бас батырларының бірі Төлек Жәуке батыр туралы мақалалар сериясы "Қостанай таңында" жарияланып, оқырмандар ілтипатына бөленгені есте. Жұмабек Омарұлы жазған материалдар Ресейдің, Германияның, Түркияның, Польшаның, Монғолияның, Қырғызстанның газет-журналдарында жарияланып, мамандар тарапынан лайықты бағасын алды.
"Қазақ газеттері" медиахолдингінің басшысы Жұмабек Омарұлын мәртебелі ғылыми атақ алуымен қызу құттықтаймыз! Алдағы уақытта да тынымсыз ғылыми ізденістерінің жемісін көріп, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
Жұмабек Кенжалин мұндай атаққа әбден лайықты азамат. Қуаныш
құтты болсын, Жұмеке!