Біздің елдің жігіттері

БІЗДІҢ ЕЛДІҢ ЖІГІТТЕРІ

Журналист жазбалары

 

IMG_0663с«Біздің елдің жігіттері». Бұл – жазушы-журналист Сәлім Меңдібайдың ұзақ жылдар бойғы журналистік жұмысының жемісі. Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясында табан аудармастан қырық жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан қаламгер соңғы уақытта жазған очерк, суреттемелері мен естелік-эсселерін осы жинаққа топтастырыпты.

Бұл кітапта облысқа, бүтіндей елімізге танымал тұлғалардың өмір жолы мен өнегелі істері, олардың отансүйгіштігі мен ұлтжандылығы, бір сөзбен айтқанда, қайталанбас табиғи болмысы журналистік шеберлікпен баяндалады.

Автор жеке адамдар туралы жаза отырып, бүгінгі заман суретін дәл салады, өткен кезеңнің келісті келбетін көз алдыңа елестетеді. Ол әрбір кейіпкеріне өзінің ықыласы мен пейілін төге отырып, жалпы адами құндылықтар, адамгершілік қағидаттары туралы тебіренеді.

Бұл журналист-жазушының жетінші кітабы. Белгілі дәрежеде өз оқырмандары алдындағы есебі.

Туынды жалпы жұртшылыққа арналған. Бұл дүниелердің бәрі де кезінде облыстық «Қостанай таңы» газетінде жарияланған еді. Сондықтан да басылым «Қостанай таңының» кітапханасы сериясымен жарық көріп отыр. Әрбір очерк газетте жарияланған алғашқы нұсқасында беріліп отырғанын еске саламыз.

Осы кітапты дайындау барысында авторға өлшеусіз көмек көрсеткен «Қостанай таңының» қызметкерлері, менің алтын қарындастарым Меруерт Қалаусызова мен Базаркүл Жанкишеваға ағалық ақ алғысымды айтып, тілектестік көңіл-ізетімді білдіремін.

"Біздің елдің жігіттері-2" кітапты жіктеу

 

 

↓