Азық-түлік жәрмеңкесі
Бүгін Қостанайда ауылшарушылық жәрмеңкесі өтті. Бұл сауда-саттық іс-шарасына облыстың 13 ауданы мен қаланың ауылшаруашылық өндірушілері ат салысты.
Қалалық тұтынушыларға өз талғамдарына қарай жергілікті өнімді тиімді бағамен сатып алуға кең мүмкіндік туды. Спорт сарайында 135 шаруашылық субъектілері өнімдері сөрелерге қойды. Мәселен, ірі қара мал еті 800-1000 теңгеден, жылқы – 1000-1100 теңгеден саудаланды. Одан басқа да сүт өнімдері, ұн, кеспелердің сан алуан түрлері, көкеністер мен жемістер қостанайлықтарға ұсынылды.
Арзан азық-түлікпен қамданып алған қала тұрғындары, сонымен қоса жергілікті өндірушілерге де қолдау көрсетті. Жалпы бүгінгі жәрмеңкеде 42 млн. теңгенің өнімі сатылды.
Махаббат Бекбай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай