“Қасіретті жылдар естелігі”

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай "Қасіретті жылдар  естелігі" атты кеш өтті.
Заңсыздық пен террор кезеңіндегі миллиондаған жазықсыз жандардың төгілген қаны мен көз жасы ел тарихының ең бір үрейлі беттері еді. 2 миллионнан астам қазақ 1930-1933 жылдардағы ашаршылықтың құрбаны болды, жартылай көшпелі халықты күштеп отырықшылдандыру кезеңінде миллионнан аса қандастарымыз туған жерінен үдере көшті. Ресми мәліметтер бойынша 1921 жылдан 1954 жылдарға дейін Қазақстанда 103 мың адам қуғын-сүргінге ұшырады, 27 000 адам атылды. Олардың ішінде қазақтың таңдаулы ағартушылары, ақындары, ғалымдары: Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рысқұлов, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Санжар Асфендияров, Халел Досмұханбетов болды. Қостанай облысының өзінде 7 мыңға жуық адам қуғын-сүргінге ұшырады, олардың ішінде екі мыңнан астамы жоғары жаза атуға кесілді.
Іс-шара барысында мұражай қорындағы материалдардан 1930-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін туралы "Енді құпия емес" атты көрме қойылды. Қуғын-сүргінге ұшыраған отбасының мүшелері, студенттер қатысты.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓