Профессор атағы берілді

Жумабек Кенжалин"Қазақ газеттері" ЖШС-нің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы, жазушы-журналист, ҚР Президенті сыйлығының лауреаты, саяси ғылымдарының кандидаты Жұмабек Омарұлы Кенжалинге Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен  профессор академиялық атағы берілді. 5 кітаптың, 50-ге тарта ғылыми еңбектің авторы.
Кезінде Ж.Кенжалиннің қаламынан туған Кенесары-Наурызбай басқарған ұлт-азаттық қозғалысының бас батырларының бірі Төлек Жәуке батыр туралы мақалалар сериясы "Қостанай таңында" жарияланып, оқырмандар ілтипатына бөленгені есте.  Жұмабек Омарұлы жазған материалдар Ресейдің, Германияның, Түркияның, Польшаның, Монғолияның, Қырғызстанның газет-журналдарында жарияланып, мамандар тарапынан  лайықты бағасын алды.
"Қазақ газеттері" медиахолдингінің басшысы Жұмабек Омарұлын мәртебелі ғылыми атақ алуымен қызу құттықтаймыз! Алдағы уақытта да тынымсыз ғылыми ізденістерінің жемісін көріп, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектеспіз!

 

You may also like...

1 Response

  1. Жұмағали Арғынбаев, журналист-жазушы. айтты:

    Жұмабек Кенжалин мұндай атаққа әбден лайықты азамат. Қуаныш 

    құтты болсын, Жұмеке!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓