Асылжан МАМЫТБЕКОВ, Ауыл шаруашылық министрі: “Ауа райы қолайлығын көрсетсе, бәрі ойдағыдай болады”
Таяуда еліміздің Ауыл шаруашылық министрі Асылжан Мамытбеков Қостанай жеріне жұмыс сапарымен атбасын бұрды. Ол көктемгі егіс науқанымен және ауыл шаруашылық өнімін өндіретін бірнеше кәсіп-орындардың жай-жапсарымен танысу мақсатында "Никоненко", "Бек+", "Жас қанат 2006", "Безбабный" ЖШС-де болып, диқандармен бірге кәсіпорын басшыларымен кездесіп, мәжіліс өткізді.
– Топырағы құнарлы Қостанай жері еліміздің ең негізгі астықты әрі ауыл шаруашылық өнімін дамытып отырған аймақтардың бірі. Қазір мұнда тек қана егіншілік, мал шаруашылығы және құс шаруашылығы ғана емес, машина құрастырумен басқа да индустриалды-инновациялық жобалардың көптеген түрі қарқын алып дамуда. Оған баршамыз да қуаныштымыз. Бүгін біраз егін алқаптарын аралап көрдім. Көңіл толады. Енді, осы қарқыннан таймасақ әрі ауа райы қолайлылығын көрсетсе, бәрі ойдағыдай болады. Содан соң диқандарымыздан нәтижелі үміт күтеміз, – деп Асылжан Мамытбеков басқа да мәселелерге тоқталып, ой бөлісті. Шаруашылық басшылары да министрге сауалдарын қойып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алды.
Нұрболат
МЕШІТБАЕВ