Мешітте қан тапсырды

DSCF3044Қазіргі таңда арамызда жүрген кейбір азаматтарды ажалдан құтқарып қалуда қан тапсырудың да орны ерекше екендігін білеміз. Мұны өңірдегі мұсылман бауырларымыз да жете түсінеді. Сондықтан да болар, облыстық "Марал ишан" мешітінде қан тапсыру дәстүрге айналды.
Жуырда осы киелі орынға облыстық қан орталығының қызметкерлері алдын ала жасалған келісім бойынша арнайы келді. Қан тапсырушылардың арасында қала, аудан, кент имамдары болды. Жалпы 37 мұсылман өз еріктері бойынша  қан тапсырды. Осы қан тапсырудан кейін барлық донорларға мешітте дастархан жайылды. Оған 200000 теңге көлемінде "Марал ишан" мешітінен  қаражат бөлінді.
Жалпы, қан тапсыру бұл сауапты іс. Сондықтан  биыл да мұсылмандар ұйымшылдық пен жоғары саналылық танытты, – дейді облыстық "Марал ишан" мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓