Әкесіз ұрпақ болмасын
Әке – асқар тау. Иә, әкенің орны тым бөлек. Десе де бүгінгі заман әкелердің беделін түсіріп жібергендей. Отбасында әкенің орны қашанда биік болатын. Әкенің орнын ерекше етіп көрсететін аналарымыз еді. “Әкең келгенше немесе әкеңе айтамын…” дегеннен-ақ бала тік тұрып барлығын істеп қоятын. Бұл әкені сыйлаудың, құрметтегеннің бір белгісі еді.

Бір басылым бетінен мынаны оқыған едім. “Әкесіз өскен ұрпақ жасық, жасқаншақ, екіжүзді, өсекке жақын, бозсөзділікке құмар болып өспеуіне кім кепілдік бере алады? Отбасында екі адамның да өзіндік орны бар. Әйел – үйдің шырағы, еркек – үйдің пырағы. Ал біз баланың тәрбиесін аналардың мойнына жүктеп қойдық та, әке рөлін бәсеңдетіп жібердік” делінген. Және мына деректерге сүйенсек, елімізде 3,5 миллионнан астам отбасы бар екен. Жылына 135-140 мың неке қиылса, өкініштісі сол тіркелген әрбір некенің төртіншісі ажырасумен аяқталатын көрінеді.
Менің айтпағым, әкесіз өскен ұрпақ болмасыншы.
Әсет ҚАБЫЛДИН.
Осы біз біржақты ойлауды қашан қоямыз. Әке – Әке болып баласының, отбасының қамын жесе дұрыс қой. Қазір, керісінше отанасының тапқан-таянғанына ортақасатын Әкелер да баршылық емеспе. Маскүнем болып жанұясының берекесін алатын Әкелердің барынан жоғы. Әйел баласы шарасыздықтан ажырасады. Бар жауапкершілікті Әйел баласына асып қоюды қояйықшы.