Әкесіз ұрпақ болмасын

Әке – асқар тау. Иә, әкенің орны тым бөлек. Десе де бүгінгі заман әкелердің беделін түсіріп жі­бергендей. От­ба­сын­да әкенің орны қашанда биік болатын. Әкенің орнын ерекше етіп көрсететін аналарымыз еді. “Әкең келгенше немесе әкеңе айтамын…” дегеннен-ақ бала тік тұрып барлығын істеп қоятын. Бұл әкені сыйлаудың, құрметтегеннің бір белгісі еді.
vospitanie_detei чбБірақ осы көрініс бүгінде өзгеріп бара жатқандай. Бүгінде жетіліп келе жатқан әкесіз ұрпақ көп. Отырып қалған қыздарымыз өзім үшін туып аламын дегенді ойлап, ұрпақты әкесіз-ақ жеткізеді. Қыз балаға әкенің тәрбиесі соншалықты қажет емес шығар. Ал ер бала үшін әке міндетті түрде керек. Біздер бұрынғыдай әкелерімізді соғыс жалмаған заманда өмір сүріп жатқан жоқпыз ғой. Оның өзінде де әкеге деген құрметпен ер жететін әр бала. Ал қазір ше… Некесіз туған, ажырасқан балалар әкенің тәрбиесін көрмей өсіп келеді. Осы дұрыс па, әлде…
Бір басылым бетінен мынаны оқыған едім. “Әкесіз өскен ұрпақ жасық, жас­қан­шақ, екіжүзді, өсекке жақын, боз­сөз­ді­лік­ке құмар болып өспеуіне кім кепілдік бе­ре алады? От­басында екі адам­ның да өзін­дік орны бар. Әйел – үйдің шы­рағы, ер­кек – үйдің пы­рағы. Ал біз ба­ла­­ның тәр­биесін аналар­дың мойнына жүктеп қой­дық та, әке рөлін бәсеңдетіп жібер­дік” делінген. Және мына де­ректерге сүйенсек, елімізде 3,5 мил­лион­нан астам о­т­ба­сы бар екен. Жы­лы­на 135-140 мың не­ке қиылса, өкі­ніш­тісі сол тіркелген әрбір некенің төр­­тіншісі ажырасумен аяқталатын кө­рінеді.
Менің айтпағым, әкесіз өскен ұрпақ болмасыншы.
Әсет ҚАБЫЛДИН.

You may also like...

1 Response

  1. Алия айтты:

    Осы біз біржақты ойлауды қашан қоямыз. Әке – Әке болып баласының, отбасының қамын жесе дұрыс қой. Қазір, керісінше отанасының тапқан-таянғанына ортақасатын Әкелер да баршылық емеспе. Маскүнем болып жанұясының берекесін алатын Әкелердің барынан жоғы. Әйел баласы шарасыздықтан ажырасады. Бар жауапкершілікті Әйел баласына асып қоюды қояйықшы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓