Темекі тастаудың 6 әдісі
Темекі тартудың адам өміріне қаншалықты зиянды екенін біле тұра оған тәуелділіктен арыла алмай келе жатқандар да бар. Ол үшін біз ұсынған мына кеңестерді қолданып көріңіз. Бәлкім кәдеңізге жарар.
1.Темекіні тастаудың белгілі бір күнін алдын ала белгілеп қойыңыз. Ол бір ай немесе 2 апта бұрын болуы мүмкін, оны өз қалауыңыз бойынша белгілеңіз. Осы уақыт аралығында бір күндік темекінің санын бір-екіден бірте-бірте азайтып отырыңыз.
2.Темекі тартуға көбіне не себеп болатынын ойланып, көз жүгіртіп көріңіз. Мысалы көбісі тамақтан кейін темекі шегуді әдетке айналдырған. Ондайда темекінің орнын басқа нәрсемен, яғни шәй ішумен немесе серуендеумен алмастырыңыз.
3.Үйде темекінің иісі болмауы үшін жиірек тазалаңыз.
4.Үйдегі темекі тартуға итермелейтін тұтатқыш (зажигалка), күл салғыш сияқты заттарды көзден таса жерге жинастырып тастаңыз.
5.Егер бірдеңе шайнағыңыз келсе, зиянсыз яғни қантсыз сағыз немесе даршын таяқшасын сорыңыз. Суды көбірек ішіңіз.
6. Қолыңызды бос қоймаңыз. Егер темекі айналдырып отыратын әдетіңіз болса, оның орнына сөзжұмбақ шешіңіз.