Алғысым шексіз…

Мен кеншілер қаласындағы №7 қазақ орта мектебінің 8-ші сынып оқушысымын. Бар ілімі мен білімін бойыма сіңірген ұстаздар зерделілігінің нәтижесінде қала, облыс, республикалық   деңгейдегі  түрлі  бай-қаулардың жүлдегерлері санатына ендім. Зейінді һәм жүзден жүйрік, оза шауып бәйге алған жас білімпаз, талантты жастардың басын қосқан "Қазақстан Швейцариясы" аталатын Көкшетеу өңіріндегі Бурабай жазғы демалу орталығына жолдама берген де осы мектебім. Таудың етегінен  орын тепкен осы орталықта ең үздік атанған балалар демалуға, көңіл сергітуге, денсаулығын нығайтуға барады екен.IMG_20150225_134047 "Аңызды өлке – Бурабай" атты іс-шара  өлке жайлы  ғажайыпқа толы "Оқжетпес", "Жұмбақтас" аңыздары  Бурабай өлкесінің құпиясы мен сұлулығы тарихи жерге деген махаббатымызды оятты. Жақсы демала отырып, түрлі іс-шараларға қатыстым. Актерлік шеберлігімізді ұштап, өнерлі мұғалімдерден дәріс алдық. Біз мектептен екі оқушы бардық. Тыныштық Нұрқожа – ол да мектептің жақсы оқитын оқушыларының бірі. Мақтау қағаздарына ие болдық. Мектеп ұжымына алғыс хат берді. Өзіндік пікір-пайымы бар, қоғамда тұлғалық рөл атқара алар сауатты болашақ ұрпақ бізбіз ғой. Осындай тамаша жерге барып, ілім-білімімді ұштауға жолдама берген мектебімнің ұжымына,  ұстаздарыма, мектебіміздің директоры Қымбат Исланбекқызына алғысымды айтқым келеді.
 
Фариза ДОШИМОВА,
№ 7 орта мектебінің оқушысы.
Рудный қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓