Редакцияға хат.
Мен ұлыма айдар қояын деп едім. Бірақ, осы айдар қоюдың мән-мағынасын біле бермейді екенмін.
Еркін.
Айдар. «Тұлымдысын тұл қылды, айдарлысын құл қылды» («Қобыланды батыр жырынан». Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араластыра өріп қояды. Мұны – айдар дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. Мысалы, Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың ұзын айдары болған. Балаға Айдар деп те ат қойылады. Ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады.
Сейіт Кенжеахметұлының «Жеті қазына» кітабынан алынды.