Сақтық керек
Облыста автокөліктерге газ құю станцияларында қауіпсіздік нормаларының сақталуы тексерілмек. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасында прокуратура, ТЖД, санэпид қызмет органдарының және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің қатысуымен өткен кеңесте мәлім болды. АГҚС иелеріне қолданыстағы заңнама нормалары түсіндіріліп, оларды сақтауға барынша жауапкершілікпен қарауға шақырды. Өйткені, жаздың күндері төтенше жағдай ықтималдығы өте жоғары.
«АГҚС ерекше сақтық шараларын сақтау талап етілетін объектілерге жатады. Кез келген қайшы әрекет қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Соңғы екі жылда Атырау мен Шымкенттегі жанармай құю бекеттерінде жарылыстар болды. Біздің мақсатымыз-осындай оқиғаларға жол бермеу. 1 мамыр күні «Наша газетаның» инстаграмдағы паблигінде қаладағы АГҚС-ның бірі газ шығарып тұрғандығы туралы материал жария-
ланды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары иіске шағымданған. Тұрғындар тарапынан АГҚС-тан тұрғын үйлерге дейінгі қауіпсіз қашықтық сақтала ма, өртке қарсы талаптар сақтала ма деген сұрақтар қойылды. Осыған байланысты жазғы уақытта біз тұрғын үйлерге, жолдарға және басқа да объектілерге дейінгі қашықтықтың сақталуына тиісті талдау жүргіземіз», – дейді облыстық прокуратураға қарасты 3-ші басқарманың аға прокуроры Сырым Жүсіпов.
ланды. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары иіске шағымданған. Тұрғындар тарапынан АГҚС-тан тұрғын үйлерге дейінгі қауіпсіз қашықтық сақтала ма, өртке қарсы талаптар сақтала ма деген сұрақтар қойылды. Осыған байланысты жазғы уақытта біз тұрғын үйлерге, жолдарға және басқа да объектілерге дейінгі қашықтықтың сақталуына тиісті талдау жүргіземіз», – дейді облыстық прокуратураға қарасты 3-ші басқарманың аға прокуроры Сырым Жүсіпов.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Асланбек Теміров атап өткендей, АГҚС құрылысы кезінде белгілі бір нормалар ескерілуі тиіс. Яғни, жанармай құю бекеттері тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, адамдар көп жиналатын орындардан, сауда шатырлары мен дүңгіршектерден 60 метрден кем болмауы керек. Өндірістік және қойма үй-жайларынан, гараждардан және тұрақтардан 40 метр қашыққа рұқсат етіледі. Көпірлердің астында және көпірлердің жанында АГҚС орналастыруға тыйым салынады.
«Төтенше жағдайлар департаментінің есебінде облыстағы 83 АГҚС нысаны тіркелген. Тексеру барысында біз тіркейтін негізгі заң бұзушылықтар – бұл автоматты өрт дабылының болмауы, алғашқы өрт сөндіру құралдарының ақаулы жағдайы, сондай – ақ АГҚС аумағында құрғақ шөптің болуы», – дейді Асланбек Теміров.
ҚР ТЖМ өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің өкілі Серік Өмірзақов АГҚС-та тұрмыстық газ баллондарын толтыруға қатаң тыйым салынғанын еске салды. Бұл норманың бұзылуы 2019 жылғы 15 желтоқсанда Торғай кентінде болған қайғылы оқиғаға әкеліп соқты. Абайсыздық салдарынан 5 адам, оның ішінде 2 бала көз жұмды. Сөйтсе, газ баллонын толтыру деңгейі белгіленген 85%-тен жоғары болған. Үй иесі үскірік аязда далада тұрған баллонды үйге кіргізген. Соңы қайғылы жағдайға ұрындырды.
«Бір қарағанда, талаптар тым көп сияқты. Әрбір мемлекеттік органның өз талабы бар. Алайда, бұл жағдайда басымдық беру керек. «Атамекен» барлық талаптарды сақтайтын адал бизнестің құқығын қорғайды. Сондықтан, біз сіздерді барлық кемшілікті жоюға шақырамыз. Бүгінгі кездесудің бастамашысы болған прокуратура органдарының арқасында біз алдын ала жұмыс істеп жатырмыз», – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Самат Сәдуақасов.