Еңбегі – ел бірлігі

Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Айтмағанбетова «Этносаралық келісім мен елдің бірлігін нығайтуға және азаматтық қоғаммен зейінді диалог құруға зор үлес қосқаны үшін» Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетовтің Құрмет грамотасымен марапатталды. Мәртебелі марапатты қала әкімі Әмірхан Асанов салтанатты түрде табыс етті.
Мәнсия Кәрімқызы 1961 жылы 4 мамырда Қостанай облысының Амангелді ауданында дүниеге келген. Бiлiмi жоғары. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын бұрын Торғай облысының Амантоғай ауданындағы Амантоғай орта мектебінде химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін Амантоғай аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы, Амантоғай аудандық Халық депутаттары Кеңесінің аға референті, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Амантоғай аудандық әкімдігінің аға референті, Амантоғай аудандық мәслихатының хатшысы болып қызмет атқарған. 1997-2010 жылдар аралығында Арқалық қаласындағы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып ұстаздық қызметін жалғастырған. 2010 жылдан бері Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында жемісті еңбек етіп келеді.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓