Қар құрсауынан құтқарылды
Қостанай облысында 200 көлік қар құрсауында қалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Оларға көмекке Солтүстік өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының қызметкерлері келді. Жасақ басшысы С. Шмидтің айтуынша, бұл күндері боран салдарынан 200-дей көлік далада қалған. Қызметкерлер жол талғамайтын көлікпен адамдарды эвакуациялады.
"Октябрьский кентінің жанында жағдай тым қиын. «Камаздың» көмегімен қар құрсауынан 7 көлік құтқарылды, – деді С. Шмидт. – Көліктер ішіндегі 12 адам эвакуацияланды".