Талаптыға табыс мол

Қазіргі заман талпынғанның заманы. Талпынған, талаптанған жанға алынбайтын қамалдың жоқ екені белгілі. Еңбек етем деген адамға кәсіптің түрі көп. Шағын және орта бизнестің дамуына мемлекет өзі кең жол ашып отыр.
Арқалық қаласында кәсіп түрі қалай өрбуде? Біз осы орайда атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысқан едік.
Қалада шағын және орта бизнес 2040 кәсіпкерлік субъектісін біріктіреді, оның ішінде: жеке кәсіпкерлер – 1490 бірлік, шаруа қожалықтары – 387 бірлік, заңды тұлғалар – 163 бірлік.
2020 жылы "Еңбек" Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы" бойынша Арқалық өңірінде "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы 4 жоба, жалпы сомасы 35,8 млн теңгені (жобалар айналым қаражатын толықтыруға, сауда жылжымайтын мүлкін сатып алуға бағытталған) құрады.
"Қарапайым заттар экономикасы" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Аграрлық-кредиттік корпорация арқылы 2 жоба (ірі қара мал сатып алуға және өсіруге сомасы 29,5 млн теңге, дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру сомасы 32 млн теңге), АТФ банк арқылы 1 жоба (дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды өсіру сомасы 40 млн теңге) мақұлданды. Жобалардың жалпы сомасы 101,5 млн теңге. Үш жоба мақұлданды, қаржы қаражаты өтініш берушілерге берілді.
"Бизнестің жол картасы – 2025" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы сомасы 49,5 млн теңгеге 5 жоба несие кепілдігін алды. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бойынша жалпы сомасы 56,2 млн теңгеге 5 жоба мақұлданды.
Сондай-ақ, "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсетуге (су құбыры – 2,6 км және электр желісі – 2,5 км) жеткіліксіз инфрақұрылымын қосуға 137,5 млн теңге сомасында қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.
Мемлекеттік қолдау тақырыбын жалғастыруда "Бизнестің жол картасы 2025" бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде гранттық қаржыландыру есебінен жеке кәсіпкерлерге (ЖК) әрқайсына 5 млн теңге көлемінде 7 жоба мақұлданды. Атап айтқанда: Суровцев В.Б. "ARQALYCREMSERVIS" ЖШС "Арқалық қаласында жоғары қысымды отын сорғылары, отандық және импорттық өндірістің дизель қозғалтқыштарының форсункаларын диагностикалау және жөндеу бойынша цех ашу", "Меруерт" ЖК "Zhaksylyk" оңалту орталығын ашу", "Бусурманов" ЖШС "Қостанай облысының оңтүстік аймақтарынан жайлы және қауіпсіз жолаушылар тасымалын көрсету", "Киекбаев Ж.Б." ЖК "СТО ашу", "Танашова" ЖК "Спелеокамераны ашу", "Байтұрсынов" ЖК "Сүт өнімдерін шығару бойынша цех ашу", "Нұрай" ЖК "Білім беретін балалар мектебін ашу" жобалары.
Қызмет көрсету және сауда саласында қалада 20 тұрақты жұмыс орнын құрумен 5 шағын кәсіпкерлік объектілері ашылды.
 
Ерлан Ғалымжанов,
Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:
– Қазіргі уақытта қаражатты Арқалық қаласының кәсіпкерлеріне уақтылы жеткізу мақсатында 2021 жылға арналған "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасын орындау бойынша жоспарлы нысаналы индикаторлар (кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бойынша 8 жоба, кредиттерді ішінара кепілдендіру бойынша 8 жоба) әзірленді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде Арқалық қаласына шағын кредит беру бойынша жалпы сомасы 41,6 млн теңгеге 5 жоба жоспарлы көрсеткіш көрсетті.
 
Кәсіп көзін кеңейтті
Қалада кәсіп көзін тауып, шаруасын дөңгелентіп отырғандардың бірі – жеке кәсіпкер Роза Танашова. Жоғары білімді қаржы маманы кәсіпкерлікпен көптен бері айналысып келеді.
Көпбалалы отбасында өскендіктен еңбектің қадірін бір кісідей біледі. Ата-анасы кеңес заманында ұзақ жылдар бойы сауда саласында қызмет етті. Ел нарықтық экономикаға бет бұрғанда аудан бойынша алғашқылардың бірі болып жеке кәсіпкерлікті қолға алған да осы отбасы болатын.
Кәсібінің дамуына мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор болды. 2014 жылы "Даму" кәсіпкерлікті қаржылай қолдау қоры арқылы 6%-пен 16,5 млн теңге несие алды. 2015 жылы "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырған отандық табиғи өнімдер байқауына қатысып, өз жобасын қорғады. Соның нәтижесінде гранттық қаражат ұтып, қаладан тұшпара цехын ашты.
Еңбегі жеміссіз емес. "Қазақстанда жасалған Қазақстандық тауар өндірушілер" көрмесінің дипломымен марапатталып, Назарбаев университетінің топ менеджменттік сертификатының иегері атанды. Арқалық қаласының атынан Қазақстанның "Алтын кітабына" енді.
Кәсіпкер "басты жетістік – халықты жұмыспен қамту" – деп санайды. Бірнеше адамға жұмыс орнын беріп отыр.
 Өткен жылы "Даму" қоры арқылы тағы да 5 млн теңге грант ұтты. Бұл бизнес жоспары бойынша жақында қаладан "Спелеокамера" ашты. Оңтүстік Кореядан қажетті қондырғылар жеткізілді.
 
Роза Танашова,
кәсіпкер:
– Бұл барлық адамдардың денсаулығына 100% пайдасы бар денсаулық орталығы болып саналады. Мен осындай ойға алған істерімізді жүзеге асыру үшін үкімет тарапынан жыл сайын кәсіпкерлерге қолдау көрсетіліп жатқанына дән ризамын.
Алдағы уақытта да осы кісілермен қарым-қатынасты үзбей жақсы сападағы қондырғыларды алып жұмыс ауқымын ұлғайта түспек ниетіміз бар.
 
Ким Ханнама,
Оңтүстік Кореялық "Джей групп" компаниясының президенті:
– Маған осындай сіздердің қалаларыңызда спелеокамераны қоюға мүмкіндік туғанына қуаныштымын. Бұл аппарат көптеген тұрғындардың денсаулығын жақсартуға көмегін тигізеді. Тұз деген – бұл адамның өміріне маңызы өте зор. Адам тұзсыз өмір сүре алмайды. Тамақтану ол да көп ықпалын тигізеді. Алайда, мен термен бірге адам бойындағы токсиндерді шығарудың тәсілін ойлап таптым. Ағзаға дұрыс, жақсы тұз қажет.
 Міне, сол сапалы тұзды жеткізіп отырмыз. Корея мемлекетінің жер көлемі шағын болғанымен толықтай теңіздермен қоршалған. Күннің көзі мен жақсы теңіз суы-ның қосылысынан осындай өте сапалы тұз түзіледі. Бұл тұзда адам ағзасын қуаттандыратын минералдар мол.
 
Базархан Айтжанов,
қала тұрғыны:
– ЖаҺандық құрылғының келгенін естіп, жұбайымыз екеуміз осында жетуге асықтық. Көз арқылы аурудың диагнозын қойып, ем алып жатырмыз. Асқазан, бауыр, т.б. ауруларды емдейді. Кеше ток алдық. Бүгін тұзды парға түсіп жатырмыз.
Денені жібітіп, бойдағы құрыс-тырыстың бәрін ке-тіреді. Адам денсаулығына пайдасы зор екен. Өзімізді жақсы сезініп қалдық.
 
Ерік Ахметжанов,
Арқалық қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы:
– "Бизнестің жол картасы 2025" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Танашова" ЖК жалпы сомасы 5 млн теңге гранттық қаржыландыру ұтып алды. Жоба атауы: қалада "спелеокамера" орнату.
Міне, бүгін бәріміз куә болып отырмыз, ғимаратқа "спелеокамера", ултродыбыстық терапия орнатылды. Халық келіп жатыр. Денсаулыққа өте пайдалы. Іш құрылысындағы ауруларын емдейді. Қала тұрғындарын осы орталыққа келіп денсаулықтарын көтеруге шақырамыз.
 
Кәсіпкерлікке оқыту
Ағымдағы жылы "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының аясында "Бастау – бизнес" оқуы 26 ақпаннан басталды. Бірінші кезеңде 24 адам оқып жатыр. Олардың барлығы ісін жаңа бастағандар, көпбалалы отбасы мүшелері, еңбекке жарамды мүгедектер немесе жұмыссыз азаматтар болып табылады.
 
Азамат Камалиев,
"Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Арқалық қаласындағы филиалының "Бастау – бизнес" жобасының кеңесшісі:
– Жоспар бойынша биыл 85 адам оқыту көзделген. Бес кезең бойынша оқиды. Мерзімі 20-25 күн. Оқу күзге дейін жалғасады.
Мемлекеттік қайтарымсыз гранттар берілді. Оған былтырғы оқу аяқтаған кісілер қатысып, 10 адам грант иегері атанды. Олардың әрбірі 200 АЕК, яғни 583 мың 400 теңге грант қаражатына ие болды.
Мысалы, Арқалық қаласынан жас кәсіпкерлер Қанат Бейсенбаев шаштараз, Динара Әшірбек "Сұлулық салонын" ашты. Қаланың "Западный" кентінен Дина Ержігітова 2 бас ірі қара алып, өсіруде. Арқалық қаласына қарасты "Жалғызтал" ауылынан Рысты Айманова бақша ісімен айналыспақшы. Сол сияқты, Сара Әлібаева, Айжан Мұханбетжанова, Гүлвира Кенжебаева, Динара Әшірбек сынды азаматшалар да белгілі бір кәсіппен айналысып, өз бизнестерін дамытуға мемлекет тарапынан оқытылды және қаржыландырылды.
Мұрат
 ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Суреттерді түсірген автор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓