Қауіпсіздік жаттығулары

Қостанайлық құтқарушылар «Қауіпсіз жаз» акциясы шеңберінде Алтынсарин және Қостанай аудандарының балалар лагерлерінде болды. Олар кезекті рет балаларға маңызды қауіпсіздік ережелерін естеріне салды. Демалыс уақытында төтенше жағдайдың алдын алу туралы профилактикалық әңгімелесулер өткізді.DSC_0106
Жыл сайын жабдықталмаған орындарда, әсіресе ересектердің қарауынсыз суға түсуге рұқсат етілмейтіні балалардың естеріне салынды. Жалпы, жағажайлардағы төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, құтқарушылар облыс аумағында орналасқан барлық жазғы лагерлерге баруды жоспарлауда.
Департаменттің ТЖ алдын алу бөлімі бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Мендібаева Орынқыздың айтуынша, сауықтыру лагерлерінің көп бөлігі су айдындары маңында орналасқан. Сондықтан балалармен дәріс, әңгімелесу және викторина түріндегі профилактикалық іс-шаралар, ең алдымен, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған.DSC_0016
 
DSC_0002Сонымен бірге балаларға ормандағы тәртіп және адасып қалмау үшін іс-әрекеттер жөнінде айтылды. Өрт қауіпсіздігі ережелері жөнінде де ұмытпаған аса маңызды. Бұл шаралар кішкентай тыңдармандарға сіңімді әрі қызықты болуы үшін әңгімелесулерден басқа ойындар, конкурстар мен викториналар жүргізілді.DSC_0136
Құтқарушылар мұндай рейдтерді жаз маусымының соңына дейін жалғастырады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓