Кеншілер мәселесі қаралды

Арқалықта қала әкімі Әмірхан Асановтың төрағалығымен Торғай боксит кен басқармасынан босаған мамандарды жұмыспен қамту бойынша жиын өткізілді.
Кездесуге кен басқармасының бұрынғы жұмысшылары және жұмыс ұсынушы ірі кәсіпорындар мен мекеме басшылары қатысып, бос жұмыс орындары ұсынылды.
Қазіргі таңда 94 кеншіні жұмыспен қамту қажет болса, қаланың еңбек биржасында 93 жұмыс орнының бос екендігі көрсетілген. Жұмыс ұсынушылар бос орынның мұнан да мол екенін жеткізді.
Әмірхан Біркенұлы кеншілерді мамандыққа қайта оқытуға, кәсіп ашқысы келетіндерге мемлекеттік «Еңбек», «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламалары арқылы жеңілдетілген несие, қайтарымсыз грант алуға болатынын айтты.
Мұның сыртында қаладағы бос тұрған ғимараттарды жөндеп-жаңартып, жалға беру, орталық саябақты абаттандырып, сауда және ойын – сауық сияқты кәсіп көздеріне ұсыну жоспарланып отырғанын да алға тартты.
Мемлекеттік бағдарламалардың талаптары мен ережелерін қала әкімінің орынбасары Дархан Хамзин түсіндіріп берді. Бір сөзбен айтқанда, кеншілерді жұмыспен қамту үшін барлық жағдай жасалған. Тек, ынта мен ниет болса болғаны.
Қала әкімі кеніш басқармасының әкімшілік ғимаратына барып, аралап көрді. Босаған ғимарат жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін аймақтық емханаға берілетін болады. Бұған дейін емхана қызметкерлері емделушілерді қаланың әр жерінде төрт бөлікте қабылдауға мәжбүр болып келген. Енді, аталған мәселе біржола шешімін таппақ.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓