Көлік қозғалысы шектеледі
Қостанай қ. Облыс орталығындағы Гагарин көшесінің Алтынсарин және Байтұрсынов көшелерінің аралығында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, көлік қозғалысы шектелмек. Қалалық әкімшіліктің хабарлауынша көшелердің қазылуына Дулатов көшесіндегі жылу құбырларын жаңарту жұмыстары себеп болған. Жөндеу 17 шілдеде аяқталады.