
Достық үйінде мүгедек жандар арасында көркемөнерпаздар шығармашылығының облыстық фестивалі болды. Фестиваль ән айту, хор, би және қолөнер бұйымдарын жасау номинациялары бойынша өтті. Шараның басты мақсаты мүгедек жандардың дамуы үшін жан-жақты жағдай жасау. Өнерлерін ортаға салған жандар аянып қалмады. Үздіктер дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.