700 тұрғын жүгінді

Қостанай облысында 21-22 мамыр аралығында «Жолда қабылдау» республикалық іс-шарасы өтті. Осы уақыт ішінде 700-ден астам азамат құқықтық кеңестер мен мәселелерді шешуге көмек алды. Тұрғындарды қабылдау полиция органдарының ғимараттары мен фронт-офистерінде, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізу арқылы жүргізілді. Сондай-ақ, телефон арқылы кеңес алу үшін «қауырт желі» ашылған. Сұрақтардың басым бөлігі көші-қон және жол полициясына қатысты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің ресми өкілдігі хабарлайды.
Көші-қон қызметінің бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дүтпаев тікелей эфир аясында карантин кезінде облыс пен ел аумағында шетел азаматтарының болуына қатысты бірнеше сұрақтар келіп түскенін атап өтті.
Аталған азаматтар өздерінің болу мәртебесін 2021 жылғы 5 маусымға дейін заңдастыруға міндетті. Бұл дегеніміз, олар тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарына барып, құқықтық мәртебеге (оқуға, жұмысқа немесе емделуге немесе жақын туыстарына келгендігі туралы) ие болуы керек. Егер осы уақытқа дейін шетелдік азаматтар құқықтық мәртебеге ие болмаса, онда олар облыстан тыс жерлерге кетуге міндетті. Олай болмаған жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабында көзделген «ҚР аумағында болу қағидаларын бұзу» бойынша жаапкершілік көзделген, – деді Қ.Дүтпаев.
Сондай-ақ, мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібіне қатысты көптеген сұрақтар қойылды. Көші-қон қызметінің мамандары оқуға немесе емделуге, сондай-ақ жұмысқа келу мақсатында отбасымен бірігу себебінен шетелдіктер шекараны кесіп өтуі мүмкін екенін түсіндірді. Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша бұл үшін 72 сағат ішінде жарамды ПТР тесті қажет.
Бүгінгі таңда Қазақстанның Түркия, Египет, Украина және Беларусь қатарлы 15 елмен тікелей әуе рейсі қайта жаңартылды.
Жол қауіпсіздігі желісі бойынша жиі қойылатын сұрақ «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешендерінің көмегімен тіркелген әкімшілік айыппұлдарға шағымдану болып табылады. Акция  аясында дәл осы түйткілмен Владимир Плющенко есімді азамат жүгінді. Оған төленіп қойған айыппұл туралы хабарлама қайтадан келген. Одан кейін тағы бір айыппұл төлеу хабарламасын алыпты. Сонда оның бір айыппұлды екі мәрте төлегені төлегені белгілі болды. Жүргізуші тікелей эфир барысында осы жайында сұрады. Бұл жағдайда жүргізуші әкімшілік полицияға екі рет төлем жасағаны туралы өтініш береді. Ақша бір ай ішінде қайтарылады.
– Түбіртектерді мұқият оқып шығыңыз, өйткені, борышкерге банк те, әкімшілік полиция да хабарлама береді. Жүргізушілер кейде түсінбей қалып, айыппұлды 50% жеңілдік мүмкіндігін пайдаланып ерте төлеп жібереді, – деп түсіндірді әкімшілік полиция бастығы, полковник Андрей Григоревский.
Сондай-ақ, Узкоколейная ауданының тұрғындары жаңа тас жолдың авариялық-қауіпті учаскесіндегі жол төсемінде кедір-бұдыр аумаққа белгі орнату туралы өтініш білдірді.
Акцияға 200-ден астам полиция қызметкерлері қатысып, полиция жұмысының барлық бағыттары бойынша түсініктеме берді. ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Нығмет Ысмағұлов атап өткендей, «Жолда қабылдау» акциясы облыс тұрғындары арасында танымал және сұранысқа ие болды. Бұл «полицияның қадамдық қолжетімділік» қағидатын қалыптастырудың және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асырудың көрсеткіші.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓