Он үш медаль олжалады

20-23 мамырда Қарағанды қаласында Nomad MMA жекпе-жегінен ҚР Чемпионаты өтті. Жарысқа елдің барлық аймағынан 530 жеткіншек спортшы қатысқан.
Осы жарыста Қостанай облысының командасы рекордтық марапатқа қол жеткізді. Атап айтқанда, қостанайлықтар қоржынына 8 алтын, 4 күміс және 1 қола медаль түсті.
"Облыс командасын олжасын еселеген спортшылар – Қостанайдағы "Жас Ұлан", Жітіқарадағы "Легион", қойбағарлық "Бүркіт", Михайлов елді мекенінің "Барыс" спорт клубтарының тәрбиеленушілері. Осылайша 9 ер және 4 қыз бала өңір намысын сәтті қорғап келді", – дейді "Жас Ұлан" спорт клубының жаттықтырушысы.
Жүлдегер жерлестеріміз ұлттық құрама сапына қосылды. Олар осы жылдың қазан айында өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓