10 жасар бала суға батып кетті

Қайғылы оқиға 17 шілдеде Аманкелді ауданында болды. Бұл ақпаратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі растады.
Бала Жалдама өзеніне батып кеткен.
"Балғынның денесін жергілікті тұрғындар жағаға алып шыққан. Олардың айтуынша, бала өзеннің арғы бетіне өтпек болғанда, абайсыздықтан тұңғиық құрбанына айналған", – дейді ТЖД мамандары. 
Бұл – жеткіншектерге қатысты үшінші қайғылы жайт. Бұған дейін 10 жастағы Ришат Харикоглу және 8 жасар Игорь Коцкий бірнеше күн іздеуде болғаннан кейін мүрделері өзеннен табылған еді…

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓