4-қабаттан құлап мерт болды
Қайғылы оқиға 28 қазан күні Қостанай қаласының Ворошилов көшесіндегі үйде болған. Бұл ақпаратты облыстық ІІД растайды.
Облыстық ведомствоның мәліметінше, 4-қабаттан 56 жастағы әйел өз еркімен секіріп кеткен.
"Бұл шамамен сағат 15.00-де болған. Ол психикалық-неврологиялық диспансердің тіркеуінде тұрыпты. Марқұм суицидке барған", – деп нақтылайды ІІД баспасөз қызметі.
Әйелді қалалық ауруханаға жеткізген. Ақ халаттылардың сөзінше, оның денесінің көп жері сынған, бас миы шайқалып, зақымданудан есеңгіреген. Азаматша жансақтау бөлімінде көз жұмды.