Левит неміс боксшысын сүріндірді

Олимпиада жүлдегері Василий Левит спарринг кезінде аса ауыр салмақтағы неміс боксшысын нокдаунға жіберді.  Бұл туралы қазақстандық спортшының "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі «Team LEVIT» ресми тобында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.левиит
 
левитЖекпе-жек Талғардағы базада Қазақстан ұлттық құрамасының Германия және АҚШ командаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиыны аясында өткен.
«Бүгін Василий Левит Германия боксшысы Макс Келлермен спаринг өткізді. Екінші раундта Василий неміс спортшысын нокдаунға жіберді. Германия боксшысы аса ауыр салмақта екендігін айта кетейік», – делінген хабарламада.
Еске салайық, 91 салмақ дәрежесіндегі спортшы Василий Левит Рио-де-Жанейро Олимпиадасында күміс медальді жеңіп алды. Сондай-ақ ол Қазақстанның екі дүркін чемпионы, Азия біріншілігінің жеңімпазы.
 
Суреттер "ҚазАқпарат" ХАА-нен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓