Індет дендемесін десек…

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов КВИ таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысын өткізді. Жиын барысында Қостанай және Рудный қалаларының әкімдерінің баяндамалары тыңдалып, мониторинг топтарының жұмысы қаралды. Сондай-ақ, халық санағына дайындық жұмыстары пысықталды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Мониторинг топтары 2021 жылғы 1 наурыз бен 22 мамыр аралығында 7 443 рейдтік іс-шара өткізді, онда 531 карантиндік шараларды бұзу деректері анықталған. Өкінішке қарай, індет жұқтырғандар санының өсуі байқалады. Мысалы, соңғы аптада КВИ жұқытурдың 256 жағдайы тіркелді, ал өткен аптадағы көрсеткіш 186 еді, яғни ауру 37% – ға өсті. Салдарынан 18 мамырдан бастап облыс "жасыл аймақтан" "сары аймаққа" ауысты.
Бүгінгі таңда облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 101 мың дозасы және екінші компонентінің 70 мың дозасы жеткізілген. 2021 жылдың 22 мамырына арналған статистикаға сүйенсек, барлығы 79 698 адам вакцинацияланды, оның ішінде 29 910-ы екінші компонентті алған.
Қазіргі таңда облыс көлемінде "Ashyq" жобасына қатысушылар тарапынан 268 өтінім қабылданған. Өңір басшысы қала және аудан әкімдеріне осы бағыттағы жұмысты күшейтуді, сонымен қатар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сондай-ақ, селекторлық кеңес барысында ҚР Ұлттық халық санағы туралы мәселе қаралды. ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі 587-қаулысына сәйкес, халық санағын өткізу 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 30 қазан аралығында өткізу жоспарланған.
Санақтың мақсаты – демографиялық, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бойынша аймақтық, ұлттық және халықаралық деңгейлерде статистикалық деректерге пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған сенімді ақпараттың толық кешенін алу. Халық санағы 10 жылда бір рет жүргізіледі.
Санақты онлайн режимде Интернет желісін пайдалана отырып, сауалнаманы өздігімен толтыру әдісімен және офлайн режимде планшеттер арқылы сұрау жүргізу тәсілімен жүргізу жоспарлануда. Екі әдіспен де азаматтар өздері үшін және отбасының барлық мүшесі үшін санақ парақтарының сұрақтарына жауап бере алады. Интернет-сауалнама мамандандырылған www.sanaq.gov.kz сайтында 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін жүргізіледі.
Халық санағын дайындауға және өткізуге байланысты ұйымдастыру мәселелерін шешу үшін облыста, аудандар мен қалаларда науқанға жәрдемдесу жөніндегі комиссиялар құрылды. Осыған орай өңірлік жоспар бекітілді, оған сәйкес алдағы санаққа дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Интервьюер ұлттық санақ жүргізу кезінде өзімен бірге: фотосуреті бар интервьюер куәлігін, арнайы киім-кешек, портфель, планшет, санақ логотипі бар көк түсті шарф, фонарь және ысқырық алып жүруге міндетті. Халық арасында сауалнама жүргізушілер үшін 1303 планшет берілді. Санақ аяқталғаннан кейін планшеттер Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне және жергілікті атқарушы органдарға қайтарылатын болады.
Халық санағы кезеңінде тікелей уақытша санақ персоналы тартылады, олардың жалпы саны – 1553 адам. Пайдаланушылар үшін халық санағының қысқаша қорытындысы осы жылғы желтоқсанда дайын болады.
Кеңес қорытындысында Архимед Мұхамбетов қала-аудан әкімдеріне ұлттық халық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓