Қазақстанда жүргізушілердің медициналық тексерістен өту тәртібі өзгертілді
Жасы 65-ке жеткен қазақстандық жүргізушілер әр 2 жылда медициналық тексерістен өтіп тұруы тиісті. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі ІІМ әкімшілік полициясы комитетіне сілтеме жасап хабарлайды. Медициналық тексеріс «Жол қозғалысы туралы» заңның (қолданысқа 2014 жылғы 20 қазаннан енгізіледі) 29 б. 5 т. бойынша жасы 65-ке толған механикалық көлік жүргізушілері әр 2 жылда медициналық тексерістен өтіп тұруға міндетті», – делінген сәрсенбі күні таратылған хабарда.

Сондай-ақ, мас болып көлік айдағаны, немесе мас адамға көлігін бергені үшін, немесе мастығын анықтау үшін медициналық куәландырудан бас тартқаны үшін автокөлік жүргізу құқығынан айрылған тұлғалар жүргізуші құқығын қайта алу алдында, куәлігін алып қою мерзімі аяқталуына бір ай қалғаннан ерте емес аралықта қайталап медициналық тексерістен өтулері тиісті.