Диқандар Елбасыға хат жазды

Қостанай облысының тұрғындары Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус жұқтырып алғаны туралы хабарды бейжай қабылдамады. Олар Елбасыны әлеуметтік желілер, сондай-ақ БАҚ арқылы қолдауды құп көрген. Солардың бірі – "Алтынсарин" ЖШС директоры, Қазақстанның Еңбек ері Борис Князев өз ұжымы атынан Елбасыға жылы лебізін арнаған.Безымянный
"Біз Сіздің коронавирусқа шалдыққаныңыз туралы хабарды үлкен өкінішпен қабылдадық. "Алтынсарин" ЖШС-нің күллі ұжымы Сіздің хал-жағдайыңызға алаңдаулы. Әрбір жұмысшымыз Сіздің ұдайы қолдауыңыз бен назар бөлуіңіз арқасында елдің арграрлық саласының аяқтан тұрғанын ешқашан естен шығармайды. Бүгінде біздің өнімдер тікелеу алыс-жақын шетелдер нарығына жеткізіледі. 2017 жылдың қараша айында, менің өз жетістіктеріміз туралы Сізге әңгімелеп беруіме мүмкіндік туғанда, Сіз "қостанайлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер нағыз кәсіпқой, ал қазақстандық диқандарға әлемде ешбірі теңдесе алмайтынын" айтқан болатынсыз. Біз соншалықты биік бағалау алғанымызды мақтан тұтамыз! Сондықтан, жеке өз атымнан және ұжымымның атынан Сізге зор денсаулық және тезірек жазылып кетуіңізге тілектестік білдіргім келеді", – деді Борис Князев.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓