Талап – қызметтерді автоматтандыру
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Асхат Искендировтың қатысуымен брифинг өтті. Брифинг барысында ведомство жұмысының тоғыз айының қорытындысы айтылды.
"Департамент жүргізген мониторинг «Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілген кезде техникалық ақаулары бар қызметтердің 34 түрін анықтады, – деп атап өтті Асхат Искендиров. – Оның ішінде 27 қызмет «автоматтандырылмаған қызмет» мәртебесіне ие, 7 қызмет интеграцияның, МО БКО-ға қосылудың болмауына байланысты белсенді емес".
Олардың қатарына «жер учаскесін алуға кезекке қою», «жер учаскесін жеке меншікке бір уақытта немесе бөліп-бөліп сату», «әскерге шақыруды кейінге қалдыруды беру» кіреді.
Спикердің айтуынша, ветеринарлық анықтама мен ветеринарлық паспорт беру де өзекті мәселе болып отыр. Осы уақытқа дейін ол қағаз жүзінде жүзеге асырылады. Күрделілік БАБЖ ақпараттық жүйесі мен «Электрондық үкімет» порталы арасында өзара байланыстың болмауына негізделеді.