Мигранттарды заңсыз жалдағандар жазаланады
Елге келіп еңбек ететін келімсектерді заңсыз жұмысқа жалдағандарға қатысты заң қатаятын болды. Бұл мәселе мәжіліс қабырғасында талқыланды. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Көші-қон комитетінің мәліметінше, елімізде жұмыс істеп ақша тауып кететін кірмелердің 96 пайызы Өзбекстаннан келеді екен. Мигранттардың басым көпшілігі құрылыста, көлік жөндейтін орындар мен асханаларда қызмет көрсетіп, ақша табады.
Алайда, осы не азаматтық алмайтын, тіпті тіркеуге тұрмайтын келімсектер мен оларды жалдайтындарға қатысты заң қатайғанымен, нәтиже болмай тұр. Ал кәсіпкерлер үшін кірмелерді тіркеуге тұрғызып, заңды түрде салық төлеу тиімсіз. Алайда, әлеуметтік даму министрлігі заңды бұзған жұмыс берушіге 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салып, тіпті басшыларын алты айға дейін қызметінен аластатамыз дейді.