Би биледі дөңгелеп

Облыстағы хореографиялық ұжымдар арасында «Армандастар» балалар шығармашылық фестивалі өтті. Дәстүрлі шараға қалалық, аудандық байқауларда іріктеуден өткен би ұжымдары қатысты.
IMG_9638Бишілер екі топқа бөлініп өнер көрсетті. Бірінші топ 10-14 жас аралығындағы IMG_9662балалардан, екінші топ 14 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерден құралған. Фестивальде қатысушылардың таңдауына шектеу қойылмаған. Сондықтан, бишілер эстрада, халықтық және заманауи  биді орындады. Қазылар алқасы хореографиялық ұжым мүшелерінің орындау мәнеріне, актерлік шеберлігіне, қойылымның мазмұнына, киім ерекшелігіне баса мән берді.
IMG_9677-Аталмыш іс-шара өнерлі балаларды қолдап, шығармашылық ұжымдардың жетекшілеріне шабыт беру мақсатында қолға алынды. Фестивальде әр ұжым өз өнерлерін көрсетумен қатар, өзгеден үйреніп, тәжірибе алады,-деді облыстық білім басқармасының балаларға қосымша білім беретін өңірлік оқу-әдістемелік орталығының директоры Сәуле Әзімжанова.
 
Қымбат Досжанова
Сретті түсірген Айбек Жүзбай
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓