Ұлы ағартушының ұлағаты

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде ұлы ағартушының 180 жылдығына орай «Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық тағылымы» атты республикалық ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – Ы.Алтынсариннің ұлтқа жасаған еңбегін насихаттау, студент жастарға ұлт зиялылары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, еңбегін талдау.
Дөңгелек үстелде Қостанай қаласынан А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі Ахмет Байтұрсынұлы музейінің меңгерушісі, профессор Қалқаман Жақып, ыбырайтанушығалым, ф.ғ.к. Серікбай Оспанұлы, облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық музейінің ғылыми қызметкері Шынар Досмағамбетова, Нұр-Сұлтан қаласынан Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті Нұрбек Пұсырманов, Жангелдин ауданынан «Торғай мұражайлар кешенінің» басшысы Гүлбану Сәрсекей, Арқалық қаласынан Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның тарих пәнінің мұғалімі Сәния Рахимова, Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің ғылыми қызметкері Батырлан Сағынтаев, Арқалық педагогикалық институтының доценті, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Роман Аймағамбетұлы, институттың «Алтынсарин музейінің» маманы Қаламқас Шорманова ағартушы тұлғаның өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылық еңбектері туралы бұрын айтылмаған тың ойларын, ұсыныстарын бөлісті.
Пікірталасқа қатысқан Амангелді аудандық мемориалдық музейінің бас қор сақтаушысы Кәмшат Әбжанова, Дала өлкесі тарихы облыстық музейінің директоры Асхат Қасенов, институттың «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы ф-м.ғ.к. профессор Әбілхан Үмбетовтер өз ойларын ортаға салып, талданып отырған мәселенің ұлт болашағы үшін маңыздылығына тоқталып өтті.
Мұрат
 Жүнісұлы
Арқалық қаласы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓