Жол бойында – жануарлар макеті

Қостанай облысында үй жануарларына қатысты болатын жол-көлік оқиғалардың алын алу үшін жол жиектеріне макеттер орнатыла бастады. Алғашқы үш ескертпе белгі Қарасу ауданында пайда болды.
Жыл сайынғы жол қауіпсіздігі жағдайының сараптамасы көрсеткендей, жаз мезгілі шығысымен үй жануарына қатысты оқыс апаттар жиілейді. Көбіне мұның салдары ауыр жағдайға соқтырып жатады.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы аясында, облыстық маңыздағы "Қарасу-Б.Чураков" тас жолының 25, 27 және 43 шақырымдарына үй жануарының 3 макеті қойылды. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар "Қойбағар-Қарасу-Севастополь" автожолына осындай тағы 3 макет орнату жоспарда бар.
Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Н.Исмағұловтың айтуынша, мұндай амалдың оқыс жағдайлардың азаюына тигізер пайдасы зор болмақ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓