Колледждегі келелі жиын
Рудный қаласында Ы. Алтынсариннің 180 жылдығына орай Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Sanaly urpaq – 2050» ҚҚ ұйымдастыруымен «Ы. Алтынсариннің қоғамдық сананы дамытуға қосқан үлесі» атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Пленарлық отырыста философия ғылымдарының кандидаты, Ыбырай мұрасын жалғастырушы Қалқаман Жақып бірнеше ұсынысын ортаға салды.
"Ы.Алтынсарин атындағы тәлімгерлер форумын, сондай-ақ, ұлы ұстаз құрметіне әр жас деңгейінде жалпыхалықтық диктант өткізу керек. Мұның сыртында осыған дейін қолға алынып, кейін жүзеге аспай қалған "Қазақтану" жобасы қайта қолға алынса, ел руханиятына көп ұпай қосылар еді", – деді Қалқаман Хасенұлы.Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, "Ы.Алтынсарин", "Ел ардақтысы" медальдерінің иегері Раиса Толықбаева да ұла ағартушы мұрасының насихаты жөнінде келелі ойларымен бөлісті.Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі басшысының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Салтанат Өтелбаева қатысып, «Ыбырай Алтынсарыұлының концептуалды ойлары» тақырыбында баяндама жасап, Ыбырайды әлемдік тұлға ретінде дәріптеуге баса назар аудару керегін айтты."Ұлы ұстаз алғашқы мектеп ашқан тұлға ғана емес, қазақ балаларын кәсіптік білімді меңгеруге жол ашқан ғұлама. Ыбырай атындағы Меңдіқарадағы училище талай ірі тұлғаны тәрбиелеп шыққан орда болды. 80 жылдық тарихы бар білім шеберханасының үлгілі ізін біздің колледж лайықты жалғатырып отыр",- деді Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің директоры Жомарт Құсайын.
Басқа да зиялы қауым өкілдері пікір қосты. Үш секцияға бөлінген конференция жоғары деңгейде өтті.