А.Мұхамбетов 2-сатыда

Облыс әкімдерінің сәуір айындағы рейтингінде Архимед Мұхамбетов екінші орыннан көрінді. Тізімді Алматы облысының басшысы бастап тұр. 
Рейтингте облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші және эпидемиологиялық ахуалы негізге алынған.
"Қостанай облысы 7 экономикалық көрсеткіштің 6 бағыты бойынша тұрақты өсім барын көрсете алды. Осылайша, аймақ экономикасын әртараптандыру жоспарын белсенді іске асыруда. Көлік құрастыру және аграрлық салалары көрсеткіштерін еселеу жемісті жалғасып жатыр. Облыста егіс науқаны басталды. Жалпы көлемі 4,8 млн гектарға дән сіңіріледі", – деп мәлімет келтіреді toppress.kz. 
Облыста 90-нан астам екпе нүктесі ашылғаны да сарапшылар назарынан тыс қалмаған. Қазақстандық және ресейлік вакцинамен қоса, өңірге HyattVac аталатын қытайлық препараттар жеткізілгені айтылады.
Айта кетейік, рейтингтің үздік үштігін Ақмола облысының әкімі түйіндеп тұр.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓