Киіктерді ел болып қорғау керек

Жақында Аманкелді ауданының орталығында киіктердің Бетпақдала таралымын сақтау және қорғау жөнінде кеңес өткізілді.
Оны Аманкелді ауданының әкімі Нұржан Өтегенов жүргізіп отырды.к2Кеңес отырысына облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры Наримн Қасымбеков, Аманкелді, Жанкелдин аудандарының прокурорлары Е.Құрманәлінов, Ж.Ербатыр, Аманкелді ауданы әкімінің орынбасары Т.Карбозов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің Жанкелдин, Аманкелді аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшылары, экология департаментінің бөлім басшысы А.Әбілтаева, ветеринария басқармасы биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Ш.Тасмағанбетов, табиғатты қорғау полициясының бөлім басшысы Т.Ахметов, Жанкелдин бөлімінің инспекторлары, жануарлар әлемінің инспекциясы басшысының орынбасары Х.Молдағұлов және инспекция инспекторлары, «Охотзоопром» РМКК орталық аймақтық филиалының басшысы С.Дүйсетаев және филиал инспекторлары, «Алтын дала» табиғи резерваты РММ директоры және қызметкерлері, «Аманкелді мал дәрігері» КМК басшысы, ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Аманкелді аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, аудандық ветеринарлық зертхананың меңгерушісі, аудандық әкімдіктің бөлімдері басшылары, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, ішкі істер бөлімінің бастығы, жергілікті полиция қызметінің бастығы, Қабырға, Үрпек ауылдық округтері әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.
Кеңес отырысында: «Киіктердің Бетпақдала таралымын сақтау және қорғау» мәселе қаралды.к3Бұл жөнінде жануарлар әлемі инспекциясы басшысының орынбасары Х.Молдағұлов, «Охотзоопром» РМКК орталық аймақтық филиалының басшысы С.Дүйсетаев, «Алтын дала» табиғи резерваты РММ директоры Б.Садуақасов, Аманкелді ауданы әкімі орынбасары Т.Карбозов баяндамалар жасады.
Кеңес отырысында киіктерді сақтау мәселесі ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының соңында айрықша қолға алынғаны атап көрсетілді.  Сол кезде Қазақстанда – 1 миллионнан астам киік болса, 2003 жылғы санақ бойынша оның саны – 21 000 бас болған. Бұл мәселе Үкіметті де, халықты да қатты алаңдатты. Киіктердің санының азаюының негізгі себебі – аурулар мен жылдың әр мезгілі мен аралдың барлық жерлерінде болатын броконьерлік фактілер болып табылды. Броконьерлікті ынталандыратын Тибет медицинасына дәрілік шикізат ретінде пайдаланылатын киік мүйіздеріне деген сұраныс орын алды. Бұрынғы Торғай облысы аумағында пастереллезбен ауыру салдарынан 1981 жылдың мамыр айында  100 бас киік шамасында және 1988 жылдың мамырында 434 000 бас киік қырылған. 2012 жылдың мамыр айында Жанкелдин ауданында қырылған киік саны – 926 басты құрады. Оларға жүргізілген лабороториялық зерттеулер қорытындысы бойынша пастереллез диагнозы қойылды. Ал 2015 жылдың мамыр айында Аманкелді және Жанкелдин аудандарында – 129 019 бас киік өлген. Мұның да басты себебі – пастереллез ауруы болып табылды.

Аумақтарында киіктердің көшу жолдары жатқан 11 аңшылық ісін пайдаланушылар мен киіктерді қорғау бойынша меморандум жасалған.  Облыс әкімі А.Б.Мұхамбетовтің төрағалығымен  «Бетпақдала таралымы киіктерін» қорғауды қамтамасыз ету және жаппай қырылуын болдырмау бойынша мемлекеттік мекемелер мен мүдделі ведомстволар арасында өзара әрекеттестік бойынша кеңес өткізілген. Кеңес жұмысына РҚ Білім және ғылым вице министрі, ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері, облыс әкімінің бірінші орынбасары, облыстағы құқық қорғау органдары басшылары, аудан әкімдері және басқа да жауапты қызметкерлер қатысқан.

Кеңесте облыстық прокуратураның ұсынысымен құрылған Бетпақдала таралымы киіктерін қорғау бойынша нақты жоспар бекітілген. Облыстық прокуратурамен ұсынылған киіктерді қорғау бойынша жасалған іс-шараларды орындау мақсатында ветеринарлық бақылау органдарымен бірге эпизоотикалық сипатта төтенше жағдайлар болған жағдайда ескерту жасалып, мемлекеттік инспекторларға таратылған.
Киіктердің мүйізін сатып алу туралы жарнамаларға кедергі жасау мақсатында «Биоәралуантүрлілігін сақтау ассоциациясы» РҚБ-мен осындай жарнамаларды тарататын тұлғалардың жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертпелер шығарылған.

Аманкелдіде өткен кеңес отырысында Бетпақдала таралымы киіктерін сақтауға байланысты атқарылған істермен қатар жұмыстың сапасын одан әрі жақсартуға байланысты 7 ұсыныс айтылды.к4Біріншіден, инспекторлық құрамды тез жүргіш мықты техникалармен қамтамасыз ету.

Екіншіден, киіктер ареалына әрдайым мониторинг жүргізу үшін пилотсыз ұшқыш аппаратын сатып алу және пайдалану.
Үшіншіден, киіктерді қорғауға жұмылдырылған қызметтерге 1 рация толқынын орнату, қорғау жұмыстары үшін 5-6 күнге әуе техникасын жұмылдыру.
Бесіншіден, аңшылық ісін пайдаланушылардан жылжымалы қорықшы топтарын құрып, аңшылық шаруашылық аумағында киіктер мекендеген мерзімде оларды қорғау жұмысын күшейту, броконьерлік факті анықталған жағдайда аңшылық шарауашылығын жүргізуге жауапты тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту,
Алтыншыдан, броконьерлік фактілерді анықтауға көмек көрсеткен жағдайда жергілікті халықты материлдық ынталандыру.
Жетіншіден, киіктер және Қызыл кітапқа енген жануарлар түрлері бойынша броконьерлік фактілерді анықтағаны үшін мемлекеттік инспекторларға сыйақы беру желісін қарастыру жөнінде ұсыныс ортаға салынды.
Киіктерді сақтауға мемлекетіміз бен Үкіметіміз қазір ерекше мән беріп отыр. Соның белгісі – соңғы 1 жылдың өзінде ұшақпен есептегенде  киіктердің санының 1976 басқа жетуі. Бұл – былтырғы жылмен салыстырғанда киіктер саны 3,5 есеге артқанын көрсетеді. Мұны кеңесте сөйлеген қай азамат та болмасын атап көрсетті. Киікке деген қамқорлықтың бір көрінісі – ежелгі Торғай өлкесінде, яғни Аманкелді, Жанкелдин аудандарының көлемінде «Алтын дала» табиғи резерватының ашылуы. Қасиетті аңның сақталуына бұл резерват қызметкерлері аз үлес қосып келе жатқан жоқ.
Кеңесте сөз сөйлеген азаматтар киікті келешек ұрпаққа аман-есен жеткізуге байланысты ойларымен бөлісті. Негізінен алғанда Қостанай облысы бойынша киіктер Торғай аймағында, оның ішінде ұлы Жыланшық және Тосын құмында төлдейді. Бұл екі өңір – бір-бірінен онша алыс емес. Оларды қорғау мен бақылауға қолайлы. Тек жіті назарда ұстап отыру керек.
Киіктерді қорғау мен сақтауға жергілікті халық та, сондай-ақ тиісті мамандар мен ауылдық округ әкімдері де қолдан келген қамқорлықты жасағандары абзал. Себебі, резерват қызметкерлері мен аңшылар қоғамының мүшелері байтақ даланы тез арада түгел қарап, тексере алмайды. Ал жергілікті халық болса, өз өңірлеріндегі болып жатқан жәйттарды жақсы біледі. Сондықтан да, халық болып жұмылып, киікті қырғынға ұшырататындарды тәртіпке шақыруға батыл кіріссе, оң нәтиже сөзсіз болады. Қалай болғанда да киікке деген көзқарас өзгерді. Сең қозғалды. к1Кеңес жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Н.Қ.Өтегенов Торғай өлкесіндегі  киелі аң-киіктерді сақтау мен көбейтуге еңкейген кәріден – еңбектеген балаға дейін атсалысуды алға қойды. Сонымен қатар барлық тиісті мемлекеттік табиғат қорғау органдары басшылары мен инспекторларын, қызметкерлерін  тиянақты жұмыс істеуге шақырды.

 

Хамитбек МҰСАБАЕВ

 

Аманкелді ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓