Соңғы қоңырау ережесі бекітілді

ҚР БҒМ орынбасары Шолпан Қаринова пандемия жағдайында Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтетінін түсіндірді.songy-konyrawБиыл 11-сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау 3-4 маусымда өтеді. Аттестат та осы кезде тапсырылады. Іс-шараға сырттан адам шақырмай, әр сыныпқа далада жеке-дара өткізу ұсынылды. Түлектер мектеп формасында және маска тағулары керек. Мұғалімдер де бетперде киюге тиіс. Оқушылар 1,5 – 2 метр арақашықтық сақтаулары тиіс. Шара 20 минуттан астауы шарт. Әр оқушы тек ата-анасын ғана шақыруы қажет. Басқа туыс және достарын шақыруға тыйым бар. Сондай-ақ, жылдағыдай аниматорларды шақыруға және мектеп бітіруді мейрамханаларда, басқа да сауық нысандарында атап өтуге болмайды. 
Ал қалған сыныптар үшін соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 25 мамырда 1-10 сынып оқушылары үшін онлайн-тәрбие сағаттары өтіп, оқу жылы қорытындыланады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓