Шеберлер бәсекесі

Облыста жетінші аймақтық «WorldSkills Kostanay-2021» чемпионаты жалғасып жатыр. Дәстүрлі байқауға облыстың барлық колледжі қатысуда.
Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, 18 мамырда Қостанай қызмет көрсету саласы колледжінде чемпионат "Аспаздық іс" құзіреті бойынша ресми түрде басталған. Аталмыш колледж алаңында облыстың 15 колледжінің қатысушылары шеберлік сынасады. Ал Қостанай автомобильді колледжінде 7 сала бойынша 50 үміткер жарысқа түсуде. Қарабалық ауыл шаруашылығы колледжінде де  бәсеке қызған.
"Сондай-ақ, бүгін Рудный құрылыс және көлік колледжі алаңында студенттер "Слесарьлық іс" құзіреті бойынша сынға түсуде. Мұнда облыстың сегіз колледжінен үміткерлер жиналған. Барлық үміткерге байқау тапсырмасынан сәтті өтуге және жоғары кәсіби қабілеттерін көрсетуге тілектеспіз", – дейді ұйымдастырушылар.
Чемпионаттың өту барысы және қорытындысы туралы қосымша ақпарат берілетін болады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓