Олимпиада озаттары марапатталды
Облыстың 77 оқушысы қатысқан республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі биыл онлайн форматында өтті. Бүгін жүлделі орындарға ие болған 28 жеңімпаз өздерінің лайықты марапаттарына ие болды.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Айман Ибраева қатысушылардың әрқайсысы жеңіске жетіп, үздік атануы үшін қолдан келгеннің барлығын жасағанын атап өтті. 28 жеңімпаздың ішінен 7 оқушы бірінші, 9 оқушы екінші және 12 оқушы үшінші орынды иеленді. Облыс құрамасы «ҚР Үздік олимпиадалық командасы» номинациясы бойынша қола жүлде алды. Оқушылар химия, физика, биология, неміс тілі және өзін-өзі тану пәндерінен үздік нәтижелер көрсете білді.






