Ерекше соңғы қоңырау…

Осыдан он жыл бұрын Новоселов орта мектебінен үлкен өмірге жолдама алып түлеп ұшқан түлектеріміз, бүгінде еліміздің  түкпір-түкпірінде еңбек етіп, істерін өрге бастырған азаматтар екені белгілі. Міне, осы түлектеріміз биылғы мектебімізде өткен «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты  салтанатымыздың ерекше қонағы болды. Әр жыл сайын 25 мамырда сыныптастарымен   өздерінің түлеп ұшқан мектебінде кездесуді әдетке айналдырған бір топ жігіттер мен қыздар бүгін өз мектебіне демеуші ретінде келді. Бұл игілікті іске бастау болғандар Балбала Қонақбаев, Сағит Жалимбаев, Әсемгүл Мұқышева, Данияр Мырзағалиев, Қайрат Дощанов  болса,  Элеонора Ахметова, Нұргүл Әбілдина, Әсет Валеев, Аслан Сапанов, Ұлан Есқайыров, Әрсен Баукин өз мойнындағы жауапкершілікті еш уақытта басқа біреудің мойнына жүктемейтін, ата-ана мен ұстаздарының алдындағы борышын өтеуді өз алдына мақсат етіп қойған  белсенділер.  Білім алған мектептерінің қамын ойлап, өздерінен кішілердің жағдайын жасап жүрген  жастардың  осындай  істерін көргенде,  тәрбиелі де саналы азаматтарды тәрбиелеп, білім беріп өсіргенімізге мерейленіп, марқайып қалдық. Олар мектептегі бүкіл парталарды жаңартып, сынып жетекшісіне стол мен тақта сияқты жиһаздарды  сыйға тартты.  Олардың сынып жетекшілері Манар Жақсылықова әлі де мектебімізді ұстаз.3 27.05.15
      Содан кейінгі тағы бір игі қуанышымыз-Тамара Ивановна Остапович Новоселов орта мектебінде  зертханашы болып 30 жыл еңбек етіп, зейнетке шыққан-ды. Мектеп алдын көгалдандыру жұмысын өзіне міндет етіп алған, ешқашан шаршамайтын, шаршағанын білдіртпейтін таза жүректі адал жан өзінің науқас анасы мен сіңлісінің жағдайына қарамастан, зейнетақысын жинап, мектепке су құбырын өткізіп берді. Отыз жыл бойы өзінің аңсап келген арманын орындап, сондай қуанышты мектебіне сыйға тартты. Бұл дегенің екінің бірінің қолынан келмейтін қамқорлық.SAMSUNG CAMERA PICTURES
     Осындай жандардың жақсылығы, игілікті істері ұмытылмасы сөзсіз, оларға мың алғыс. Жас демеушілерімізге, түлектерімізге өркендерің өссін, талаптарыңа нұр жаусын, отбасыларыңа береке, бірлік,  бастаған әр істеріңе біздің алғысымыз демеу болсын дей келе, Тамара Ивановнаға алған зейнет ақыңызды тек қуанышқа бұйыртсын, отбасыңыз бен өзіңізге денсаулық тілейміз демекпіз.1 27.05.15     Келесі жаңа оқу жылында жаңа парталарда отыратын мектеп оқушылары мен ұстаздардың бұл игілікті іске қуанышы шексіз.
 
Ғ. МҰҚЫШЕВА, Новоселев орта мектебі
Әулиекөл ауданы

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓