Көлік өрті көбейген
2020 жылдың бірінші тоқсанында Қостанай облысында көліктердің өртену оқиғасы 28 рет тіркелсе, биылғы төрт айда 41 транспорт өртенген. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар өрттер негізінен қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан туындағанын айтады. Осындай жағдаяттарды болдырмау үшін ТЖ департаменті 17 мамырдан 17 маусымға дейін автокөлікте өрт қауіпсіздігін сақтау айлығын өткізеді.