Кәсіпкерлікке – кең өріс

"Нұр Отан" партиясы ҚОФ кәсіпкерліктің қанат жаюына кедергі болып отырған мәселелерді анықтауға кірісті. Осы мақсатта партияның қалалық және аудандық филиалдары тақырыптық кездесулер ұйымдастырды.
Партиялықтардың пікірінше, әкімшілік кедергілер мен бюрократизм шағын және орта кәсіпкерліктің қанат жаюына қол байлау болып отыр. Аудандарда кәсіпкерлерге кеңес беретін сауатты, білікті маманның тапшылығы да көп себептің біріне жатады.
– 2005 жылдан бері автомобиль және оның бөлшектерін сатумен айналысамын. Бизнесімді бастағалы бері мамандардың көмегіне жүгінген емеспін. Негізінен ҚР заңдарын және Салық кодексін оқимын. Осыдан екі жыл бұрын құжат дайындағанымда мемлекеттік органдардың табалдырығын тоздырдым. Сол уақытта өзіңнің құқығыңды қорғау үшін өтініш жазуға тиісті едің. Ал қазір электронды қызмет бар. Сағаттап кезек күтпей-ақ құжаттарды электронды түрде толтыра аласың. Қызметтің бұл түрі сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болады, – деді кәсіпкер Сергей Вербовенко.
Қымбат
       ДОСЖАНОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓