COVID-19: +35
19 мамырда Қостанай облысында коронавирус 35 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 15, Рудный қ. – 4, Арқалық қ. – 3, Жітіқара қ., Жангелді, Қарабалық және Федоров аудандарында 2 адамнан, Алтынсарин, Денисов, Қамысты, Қостанай және Сарыкөл аудандарында 1 адамнан індетке шалдықты.
29 адам ауруханаға өздігінен жүгінген, 4 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 2 адам профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 30 адамда ауру белгілері болды, 5 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 18 мамыр аралығында COVID-19-ды 15226 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 14542.