Лисаковта жолдар жаңарады

Сапасы сын көтермейтін жолдарды қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Мәселен, Банковская көшесінің тас жолын жартылай жөндеуді жергілікті «Кардинал» ЖШС қолға алған. Құрылысшылар алғашқы кезекте тозығы жеткен жолдың беткі қабатын сыпырып, ескі қиыршық тастарын алмасытырып, жаңа көмкерме ернеулер орнатуда.Лисаковск жолдарыыы!
Мұнымен қатарлас, жолдарды жаңа кейіпке енгізу жұмыстары Больничный көшесінде де жүріп жатыр. Бұл төңірекке, нақ қазіргі уақытта, жұмыскерлер бетонды төсеме салумен айналысуда. Мердігердің айтуынша, бәрі уақытылы тәмамдалатын болады. Қолбайлаулар жоқ. Тек , жол жөндеу жұмыстарына кедергі келтіретін жалғыз келеңсіздік – ауа райының қолайсыздығы. Бірақ, әзірге, табиғат мінезі жұмысшыларды әбігерге салудан аулақ тұр.
Қала ортасындағы Парковая көшесінің де күре жолын жөндеу жұмысы қарқын алған. Бірақ бұл жердің мердігері басқа – «Ван» атты қостанайлық фирма.
Жалпы, аталған көшелердің жаңа әлпетке келтірілуіне қалалық қазынадан 68 млн 559 мың теңге тартылған. Банковская және Больничный көшелерінің жұмыстарын 1-шілдеден кешіктірмей аяқтау жоспарланып отыр.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓