Сырқаттар саны – 83
6 ақпанда Қостанай облысында 83 адамнан коронавирус табылған.
Атап айтқанда, Қостанай қ. 38 тұрғыны, Рудный қ.-13, Алтынсарин ауданы -7, Майлин атындағы ауданы – 6, Лисаков қ. – 5, Сарыкөл ауданы – 5, Әулиекөл ауданы – 4, Федоров ауданы – 3, Амангелді және Қамысты аудандарында 1 адамнан індет жұқтырған.
69 адам ауруғанаға өздігінен жүгінген кезде, 11 адам коронавирус расталған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде, 3 жағдай стационарға жатар алдында профилактикалық мақсатта тексерілді
Індет жұқтырғандардың ішінде 71 адамда ауру белгілері болды, 12 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 6 ақпан аралығында COVID-19-ды 10811 адам жұқтырды. Емделіп шыққан адамдардың саны – 9311.