COVID-19: +25

11 мамырда Қостанай облысында коронавирус 25 адамнан табылды.
Атап айтқанда, Қостанай қ. – 11, Рудный және Арқалық қалаларында 3 адамнан, Жітіқара қ. және Қарабалық аудандарында 2-ден, Алтынсарин, Мендықара, Қостанай және Федоров аудандарында 1 адамнан індет табылды.  
20 адам өздігінен жүгінген кезде, 4 адам коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған күдіктілер ретінде тексерілген. 
Індет жұқтырғандардың ішінде 22 адамда ауру белгілері болды, 3 адамға симптомсыз түрі тән.
Жалпы, Қостанай облысында 2020 жылғы 3 сәуір мен 2021 жылғы 11 мамыр аралығында COVID-19-ды  15015 адам жұқтырған. Емделіп шыққан адамдардың саны – 14415.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓