Қос ауылды көпір қоспақ

Жанкелдин ауданындағы Ақкөл мен А.Байтұрсынұлы ауылдарын Ұлы Жыланшық өзені бөліп тұр. Бұған дейін екі ауыл тұрғындары айналма жолмен қатынайтын. Былтырдан бері «Алюминстрой» ЖШС өзен үстінен уақыт талабына сай еңселі көпір салып жатыр. Алып құрылысқа «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы арқылы қомақты қаржы бөлінген.
Ақкөл ауылының әкімі Балғабай Қалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының 80% аяқталған. Мердігер компания нысанды осы жылдың 31 тамызына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырған көрінеді.
«Көпірдің ұзындығы – 67, ені – 8 метр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына 389 437,0 мың теңге бөлінген. Құрылысқа барлығы 128 адам тартылған. Оның 50% -і – жергілікті тұрғындар. Яғни, жұмыспен қамту орталығы арқылы 64 адам еңбекпен қамтылған. Құрылыс жұмысы биыл да жалғасады. Ең бастысы, екі ауылдың халқының қуанышы шексіз. Жаңа көпір елді мекендерге қатынауға ыңғайлы», – дейді ауыл әкімі.
 
Айбек Ибраев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓