Жарнамалар жойылды

Қостанай облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ерік-тілермен бірге есірткі жарнамасы бар суреттер мен граффити жазбаларды үстінен бояу бойынша кезекті акцияны өткізді. Шараға осы мәселеге бейжай қарамайтын және саламатты өмір салтын насихаттайтын 15-тен астам жас қатысты.
– Қостанай политехникалық колледжінде бір топ белсенді студент жұмыс істейді және полицияға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарына көмектеседі. Біз осындай акцияларға қатысамыз. Бір ғана мақсат – бұл мәселенің қоғам үшін маңыздылығын басқаларға көрсету, – дейді студент Александр Елизаров.
Есірткі сатушылар сатудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда, олардың арасында есірткі сатып алу әдісін жарнамалайтын жазулар бар.
– Жыл басынан бері полиция қызметкерлері "Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, прекурсорларды және олардың аналогтарын насихаттау, заңсыз жарнамалау" бойынша екі фактіні анықтады. Ең жоғарғы жаза – 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша екі айыпталушы тергеуде. Олар Қостанай қаласында есірткі жарнамасы үшін ұсталды. Жастар тұрғын үйлердің қабырғаларына жазулар жазған, – деді есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері, полиция майоры Айгүл Ерәділова. 
Акция аясында 70-тен астам жазу өшірілді. Бұл жұмыс тұрақты жүргізілетін болады. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 14 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓