Жас отбасы далада қалды

Қала іргесіндегі Мичурин ауылында жас отбасының үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. сгорелҚостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 00:10-дер шамасында Озерный көшесіндегі жеке тұрғын үйлердің бірі отқа оранды.
«Өрт ауқымы 100 шаршы метрді құрады. Қызыл жалын сағат 03:36-те толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер болмағанымен, жас отбасы барлық мүліктерінен, киім-кешек, бағалы заттарынан айырылды. Өрт басталған уақытта отбасы мүшелері ұйықтап жатқан», – деп мәлім етілді баспасөз қызметінде.
Үй иесі Олеся Холошенконың сөзінше, жолдасы екі баланы көрпешеге орап, сыртқа шығарып үлгерген.
«Алдымен дәретхананың төбе жабынғысы жанды. Одан шыққан алау шатырды шарпыды. Өрт сөндірушілер келгенше, үйдің тең жартысы жанып кеткен»,- дейді ол.
Белгілі болғандай, бұл отбасы үйдің құрылысын үш жыл бұрын ғана аяқтаған. Қазір олар үй маңындағы моншаны паналауға мәжбүр. Ал жергілікті атқарушы органдар оларға қаржылай көмек бере алмайды. Себебі, олар осы уақытқа дейін жер учаскесін жалдап тұрып келген.
«Жер басқа біреудің атында тұрған соң да біз әлдебір жеңілдіктерге үміт артпаймыз. Әзірге көрші-көлем, туыстарымыз берген киім-кешек, ақшаны талғажау етуге тура келеді», – деді Холошенко агенттік тілшісіне.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓