Қамауға алынды
Қарасу аудандық №2 соты кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен ұсталған азамат Б.-ны қамауға алуға санкция берді.
Айыпталушы осы жылдың 17 қазанында мас бола тұра, арада пайда болған жанжал барысында күректің ағаш сабымен С.-ның басы мен бетінен үш рет соққы жасайды. Алған жарақаттарының салдарынан жәбірленуші сол жерде қайтыс болады. Ал, айыпталушы болса оқиға орнынан ізін суытып, қашып кетеді. Бірақ, көп кешікпей полиция қызметкерлерінің құрығына түскен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалады.
Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы екі айға санкцияланды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қарлығаш
ОСПАНОВА